АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства» |
![]() |
|
|
||
"Сыбага" бағдарламасы бойынша асыл тұқымды малды сатып алуға болады ма?2012-02-23 Менің өз шаруа қожалығым бар. Ресейден герефорд тұқымды ірі қара мал сатып алмақшымын. 1 мал басының бағасы - 2,5 мың евро. Мен тек 4 бас қана сатып ала аламын, бірақ 20-сын алсам деп едім. Әкімдікте Қор арқылы "Сыбаға" бойынша несие алуға болады деп кеңес берді. Бірақ менің кепілдікке қоятын мүлкім жоқ. Қандай көмек көрсете аласыздар? Құрметпен, Абат. "Сыбаға" бағдарламасының несиелеу талаптары бойынша, несие ірі қараның кез келген тұқымды аналық мал басын және етті тұқымды бұқаларды сатып алуға арналған. Сонымен қатар, ІҚМ аналық мал басының бағасы 180 мың теңгеден, етті бұқалардың бағасы 450 мың теңгеден аспау керек. Мысалы, Сіз герефорд тұқымының бұқасын 2,5 мың евроға сатып алам десеңіз (487 500 теңге), "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 1 мал басына 450 мың теңгеден аспайтын несие ала аласыз. 37,5 мың теңгені өз қалтаңыздан төлейсіз. Сондай-ақ, аналық мал басын сатып алсаңыз (487,5 мың – 180,0 мың = 307,5 мың), айырмашылығын өзіңіз төлейсіз. Аналық мал басының жасы 4 жылдан аспау керек. Сіздің кепілдікке қоятын мүлкіңіз жоқ болса, кепіл ретінде өзіңіздегі бар малды немесе сатып алынатын ірі қара малды қоя аласыз. "Сыбаға" бағдарламасының талаптары сайтта көрсетілген. Толық ақпаратты алу үшін облысыңызда орналасқан Қордың филиалына немесе өкілдігіне шағымдансаңыз болады. |
Бесплатный телефон доверия Фонда 8-8000-80-35-05 Звонок по Казахстану бесплатный. ![]() |
|
Партнёры
Copyright © 2008-2012 Акционерное общество «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства» |
|