Жаңалықтар

2012-05-18
Қаржылық қолдаудың қайтарымы мол

«ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының «Егінжай» несиелеу бағдарламасы щағын және орта шаруашылықтарын қолдау бағытында жүзеге асыруға бағытталған.

2012-05-16
«ЕГІНЖАЙ»: егіс кезінде шағын шаруа қожалықтарын қолдау

Агросалада шаруаларды мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес механизмдердің жұмыс жасайтыны белгілі. Дегенмен, жер үлестері қомақты емес шағын шаруа қожалықтары несиелік ресурстарға қолдары жетпейтін. Осылайша, шаруалардың қалауымен, тағы бір бағдарлама өмірге келді. Ол - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ әзірлеген, үшінші жыл сәтті жұмыс істеп келе жатқан «Егінжай» бағдарламасы.

2012-05-14
ҚАРБЫЗ ӨСІРУГЕ ДЕ ҚАРЖЫ КЕРЕК

Қ.Шапуов биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жеті миллион теңгеден астам несие алып, несібесіне жаратуда. Қырыққа жуық қара мал сатып алып, мал шаруашылығын дамытуда. Сонымен қатар, ол қысқы мал азығы ретінде көпжылдық тарақ бидайық шөбін егуге кіріскен.

2012-05-11
Назым қолға алған іс

Өткен жылы қожалық «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8,5 миллион теңге несие алып, 45 сауын сиыр, екі асыл тұқымды «Әулиекөл» бұқасын сатып алған. Бұқалар мен сауын сиырларға берілетін субсидияны бұлар белгісіз себептермен ала алмаған көрінеді. Қирап қалған мал қорасы мен астық сақтау қоймасын қалпына келтірген. Қырманға асфальт төсеп, электр желісін тартыпты.

2012-05-10
Ауыл шаруасын қолдаушы

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы филиалының Жаркенттегі бөлімшесі 2005 жылдан бері осы өңірдегі 847 ауыл тұрғынына жалпы 438 миллион 800 мың теңге көлемінде шағын несие таратты. Бұл несие негізінен қоғамның «Егінжай», «Жылыжай», «Жас маман», «Аймақ бизнесі», «Табиғи орта», «Мал азығы», «Ауылдық шағын бизнесті қолдау» сияқты бағдарламалары бойынша берілген. Бұларға өткен жылдан бері мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы қосылып отыр.

2012-05-08
ЕБІН ТАПСАҢ, ЕҢБЕГІҢ ЖАНАР

Қалауы үлкен болса да, қаржысы аз ұсақ шаруашылықтарға «Сыбаға» бағдарламасы көмек беруде. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жүзеге асыратын бағдарлама ет бағытындағы ірі қараның санын көбейтуге негізделген. Мәселен, қордан алынған қаржыға өнімділігі жоғары сиыр-бұқалар сатып алады. Шаруа әрі қарай одан төл алу жұмысына кіріседі. Бұл жерде аталықтың асыл тұқымды болуы қатаң талап етіледі.

2012-05-04
Негізгі бөлігін құрайды

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Ауылдық шағын несие» бағдарламасы бойынша былтыр 2 937,1 млн теңгенің 3 939 шағын несие қаржысы берілді.

2012-04-27
Алматылық шаруаларды Қор тарапынан берілетін несиелер қызықтырады

Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданында өткен семинар-тренинг барысында тыңдаушылар "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыру механизмдерімен танысты.

2012-04-26
"ҚазАгро" мемлекеттік холдингі көктемгі дала жұмыстарына 50 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді

Бүгінгі күні "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ көктемгі дала жұмыстарын 51,3 млрд теңгеге қаржыландырды.

2012-04-24
Астанада алғашқы рет «Стартап КАЗКА-2012 форумы» өтті

Бірінші «Стартап КАЗКА-2012» мультифорумына бүкіл Қазақстаннан 1500 астам адам қатысты. Іс-шараға Экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті мен "Атамекен одағы" Ұлттық экономикалық палатасы" ресми қолдау көрсетті.

Syndicate content
доставь варочные поверхности сегодня
.h
Valid XHTML 1.0 Transitional Valid CSS!